Көлік оқиғасы 12 қыркүйекте Жезқазған қаласында болған болған. Оқиға салдарынан
Қарт әйел Жезқазған қаласының медициналық мекемесінде көз жұмды.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Куәгерлер жүргізуші қара түсті ВАЗ-21099 автокөлігінде болғанын айтты.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы ер адам күдікті ретінде ұсталды. Ол кінәсін толық мойындады. Ұсталған азаматтың автокөлігі тәркіленді. ҚР ҚК-нің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» және ҚР ҚК-нің 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кету» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қаскүнем УҰИ-на орналастырылды», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД.