Жезқазғанда көппәтерлі тұрғын үйде болған өртте үш адам мерт болды - ТЖМ

None
АНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Жезқазған қаласында көппәтерлі тұрғын үйде болған өрт салдарынан үш адам,

соның ішінде төрт жасар сәби қаза тапты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Құтқарушылардың мәліметі бойынша, жұма, 14 қаңтар күні түске таман, Холмецкий көшесінде орналасқан екі қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде өрт болып, жалын 16 шаршы метр аумаққа жайылған.

Оқиға орнына жеткен Қарағанды облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызметі 65 жастағы азамат пен төрт жастағы бүлдіршіннің мәйіттерін тапты. Күйік шалған екі әйелдің бірі ауруханаға жетер жолда көз жұмды.