Жезқазғанда мас күйде көлік тізгіндеген тұрғын сот шешімімен 1 айға қамалды

Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азамат «Е»-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

2025 жылғы 29 қыркүйек сағат 11:50 шамасында «Е» есімді азамат жүргізуші куәлігінсіз, жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде Жезқазған қаласы, Байқоңырова көшесінде автокөлік басқарған. 

Сот отырысында ол кінәсін мойындап, құқықбұзушылық жасағанын растады. Полиция инспекторының түсінігі мен медициналық куәландыру қорытындысы да оның жеңіл дәрежелі масаң күйде болғанын дәлелдеді. 

— Анықталғандай, «Е» есімді азамат 2024 жылғы 5 қыркүйекте Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық сотының қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабы 7-бөлігі бойынша ол жауапқа тартылып, жаза мерзімі 2024 жылғы 5 қазанда аяқталған. Алайда бір жыл өтпей жатып құқықбұзушылықты қайталап жасаған. Сот қаулысымен азамат «Е» ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 7-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды, — делінген сот таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Атырауда жалған әскери форма киген мас жүргізуші ұсталғанын жазған едік.