Жезқазғанда өзбекстандық педофил 15 жылға сотталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда төртінші сынып оқушысына шабуыл жасап, жыныстық қастандық жасаған Өзбекстан азаматы 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сотталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 24-121-баптары («Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға оқталу»)  бойынша айыпты деп танылды. Оған қатаң режімдегі колонияда 15 жыл жазасын өтеу үкім етілді», - деп хабарлады Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.

Судья Қайрат Қасымовтың үкімімен сот тыңдауы жабық түрде өтті. Жәбірленуші мен оны құтқарған куәгерлер туралы барлық ақпарат берілмеді.

Еске салайық, шетел азаматы Жезқазған саябағында 10 жасар қызды шөптің арасына күштеп апарып, зорлау мақсатында буындырып жатқан кезде қала тұрғындарының қолына түсті. Көмек сұраған қыздың жан айқайын естіген екі ер кісі мектеп оқушысын құтқарып, қылмыскерді ұстайды. Сондай-ақ, олар осы сәтті видеокамераға түсіріп алады. Кейін полицияны шақырады. Оқиға орнына жеткен полиция Жезқазғанға жұмыс істеу мақсатында келген шетел азаматын уақытша оқшаулағышқа қамаған еді.