7 маусым күні Жезқазған қаласының Гагарин көшесіндегі пәтерлердің бірінде полиция қызметкерлері 45 жастағы қала тұрғынының денесін тапты.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 34 жастағы күдіктіні анықтады. Ол осы қылмысты жасағанын мойындады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Бұл тұрмыстық жанжал болды ма, әлде күдікті қылмысқа басқа себептермен барды ма - оны тәртіп сақшылары анықтап жатыр. Ал әзірге қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.