Жезқазған аймағы бойынша жемқорлыққа қарсы қызметтің ауданаралық басқармасының қызметкерлері ІІБ КПБ жедел уәкілі полицияның аға лейтенанты Әбжәлеловтің заңсыз әрекетін әшкереледі. Ол қызметтік бабын пайдаланып, жеке тұлғадан жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік жауапкершіліктен әкету үшін пара ( 100 000 теңге) алған, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бюросының баспасөз қызметінен.
13:09, 14 Шілде 2016
Жезқазғанда полиция лейтенантын 100 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жезқазған қ. ІІБ КПБ жедел уәкілі 100 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды. Жемқорлыққа қарсы қызмет ақпаратынша, бұл ақша үшін ол жол-көлік оқиғасына кінәлі тұлғаны жауапкершіліктен жалтаруға көмектесуге сөз берген.