Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, шара барысында қаладағы көлік қозғалысын шектелетіндіктен көшелер ішінара жабылуы мүмкін.
«Оқу-жаттығудың кезінде адамдар көп жиналатын жерлерде террорлық сипаттағы қауіп төнген жағдайда өзара іс - қимыл жасау дағдылары пысықталады», - делінген хабарламада.
Оқу-жаттығу өткізу кезінде шектеу шаралары қарастырылады.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тұрғындардан іс-шараларға түсіністікпен қарап, оқу-жаттығу кезінде сабырлық сақтауын сұрайды.