Жезқазғанда жаңа мешіт пен мектеп ашылады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Жезқазғанда жаңа мешіт пен мектеп салынып жатыр. Дайын нысандарды келесі жылы тапсыру жоспарлануда. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов құрылыс алаңдарында болып, жұмыстарды өз көзімен көріп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нысан 2019 жылы ақпан айында «Ақ-Мешіт» қоғамдық қорының бастамасымен салына бастаған. Қазір болашақғимараттың іргетасы құйылуда.

Қалаға жаңа мешіт қажет, себебі ескі ғимаратқа ниетбілдіруші жамағат сыймай жатады. Сондай-ақ ол қаланың шетінде орналасқан жәнетек 500 адамға есептелген. Жоба бойынша жаңа ғимаратта 1500 адам орналасады.Алла үйінің жалпы ауданы 2,916 шаршы метрді құрайды.


«Қазір бізде іргетас құю жүріп жатыр. Барлық жұмыстармерзімінде жүргізіледі. Кадрлар тапшылығы жоқ. Осы кезеңде қажетті барлыққұрылыс материалдары сатып алынды. Жұмысты уақытында аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді «Ақ-Мешіт»қоғамдық қорының төрағасы Марат Бекмағамбетов.


Сондай-ақ Жезқазғанда жаңа мектеп-интернаттың да құрылысыбелгіленген мерзіміне сай жүргізіліп жатыр. Құрылысшылар қабырғаларды жартылай тұрғызып үлгерген. Ғимарат 900 оқушыға есептелген. Бұл жерде Жезқазған,Ұлытау және Сәтбаевтың балалары білім алатын болады.

Өңір басшысы мердігерлерге ғимарат 2020 жылдың қыркүйекайына дейін дайын болуы үшін барынша күш салуды тапсырды. Бұйыртса, келесі оқу жылын балалар жаңамектепте бастайды.