Жезқазғанда жер асты су көздеріне көшу жоспарланып отыр

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Жезқазған қаласына жұмыс сапары барысында бөлім және басқарма басшыларымен бірлескен кеңес өткізді. Олар қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жезқазғандықтарүшін анағұрлым маңызды мәселелердің бірі сумен қамтамасыз ету.

2017 жылдан бастапмұнда екінші және үшінші кезектегі жүйелерді қайта құру жұмыстары жүргізілуде.Осылайша, қаладағы барлық су құбыры жүйелерінің жартысынан астамы реткекелтіріледі, бұл олардың жалпы тозуын 70%-дан 30%-ға дейін азайтады.

Дегенмен, қалатұрғындарының үйлеріне берілетін судың сапасына қатысты мәселе ашық күйіндеқалып отыр. Бұл проблеманы шешу үшін өңір басшысы жер асты су көздеріне көшудітапсырды.

«Бұл көшуді жүзегеасыру және республикалық бюджеттен қаржыландыруды сұрату үшін бізге резервуармен сорғы станциясын салу қажет. Алдағы жылдары қаладағы ауыз судың сапасынжақсарту үшін осы мәселелермен тығыз айналысуды тапсырамын», - деді ол.

Облыс әкімісондай-ақ қалада жолдар және жылумен қамтамасыз ету жүйесі белсенді жөндеуденөткізіліп жатқанын, халықтың әлеуметтік осал топтарына жалға берілетін жәненесиелік тұрғын үйлер салынатынын атап өтті. Сонымен қатар, аймақ басшысыныңайтуынша, Жезқазғанда көші-қонның теріс сальдосы тоқтатылды.

«Бұған қарамастан, адамдардың қаладан көшіпкетуі себептеріне талдау жасап, олармен жұмыс істеу қажет. Бірінші кезекте,менің ойымша, бұл жұмыс орындары мен әлеуметтік кепілдіктер мәселесі», - депатап өтті ол.

Жезқазған қаласыныңәкімі Қайрат Бегімовтың айтуынша, қалада шағын және орта бизнес қарқынды дамыпкеледі. Жалпы көлемде кәсіпкерлерден бюджетке түсетін түсімдердің үлесі 37%-данастам көрсеткішті құрайды. Қалада жалпы сомасы 13 млрд теңгеден астам 25бизнес-жоба іске асырылуда, сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясының жаңа зауытыныңқұрылысы және құс фабрикасын құру жобасы мақұлданды. Жақын арада Жезқазғанда,арзан бағамен тауарлар сатылатын «Ұлы дала» он супермаркеттер желісі ашылады.

Қала әкімісондай-ақ әлеуметтік қолдау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Биылғыжылы Жезқазғанда сегіз адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша өз ісін ашуға шағыннесие алды. Тағы 1140 жұмыссыз тұрақты жұмыс орнын тапты. Көп балалыотбасылардың 529 баласы қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына ие болды.Мектептерде 1200 оқушы ыстық тамақты тегін алады. 17 мектепте ұзартылған күнніңтегін топтары ашылды.

Жезқазған қаласыныңдамуы мен абаттандырылуына қатысты да белсенді шаралар қолға алынуда. Биыл 15,6км қалаішілік жолдар мен 8 ауланы жөндеу жоспарлануда. Сонымен қатар, қалададене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.

Соңғы жаңалықтар