Жезқазғандағы «Қазақмыс» фабрикасында жұмысшы қаза тапты
13:52, 21 Желтоқсан 2017
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорындарының бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Мердігер ұйымның жұмысшысын жүк вагоны қысып қалған. Кейін вагондар ажыратылған, бірақ жұмысшы рельсте қаза тапқан.
Қайғылы оқиға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жезқазған байыту фабрикасының аумағында болған және ол фабрикадағы видеобақылау камераларына түсіп қалған.
«19 желтоқсанда қайғылы оқиға болып, бір адам қаза тапты. Зардап шегуші «Tranco Zhezkazgan» ЖШС мердігер ұйымының жұмысшысы. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС еңбек ұжымы мен басшылығы қаза тапқан азаматтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.