Жаңа қазандықты жеткізуші – «Қызыл қазандық» Таганрог қазандық зауыты.
Қазандық агрегатын жобалау кезінде зиянды шығарындыларды азайту және жұмыстың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін ұлғайту бойынша заманауи технологиялар ескерілді. Жаңа қазандық үнемді және экологиялық талаптарға сәйкес келеді.
Жобаның жалпы құны 8 миллиард теңгеден асты.
Қазандық агрегатын ауыстыру жобасы әзірленді. Пайдаланылған жабдықтар толығымен бөлшектелген. Қыркүйектен бастап монтаждау жұмыстары басталады. Жобаны аяқтау мерзімі – 2023 жылғы қаңтар.
Салмағы 420 тоннадан асатын негізгі жабдық Топар кентінің ГРЭС-2 қоймасында орналасқан. Оны темір жол арқылы Жезқазғанға жеткізеді.
Жезқазған ЖЭО-сының қазандық агрегаттарының тозуы 75%-дан асады.