— Мемлекет басшысының Жарлығымен өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі үшін «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылады, — делінген хабарламада.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырғанын жазғанбыз.