Ұзақ уақыт бойы жезқазғандық азамат ПЭТ-бөтелкелерде шығу тегі белгісіз алкоголь және темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі заңсыз қызметті жүзеге асырды.
Бірлескен іс-шаралар нәтижесінде халыққа сатуға дайындалған 8 855 литр көлеміндегі алкоголь өнімі, сондай-ақ 5 821 қорап темекі табылды әрі тәркіленді. Алкоголь және темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағаларын қолданғанда, өнімнің жалпы құны 20 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің (Заңсыз кәсіпкерлік) 214-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.