«Жезкент» бекетінің кеденшілері рейд барысында «үш миллиондық контрабанда» тиелген автомашинаны ұстады

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Құны 3 млн. теңге тұратын ірі контрабандылық киімді «Жезкент» бекетінің кеденшілері шекара бойымен рейдтік іс-шараларды жүргізу кезінде анықтады,

 деп хабарлайды ШҚО кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Тексеру барысында контрабандалық тауар РФ азаматы рөлінде отырған «ГАЗ-53» маркалы автомашинадан табылды. Қорапта балалар мен ересектерге арналған 40 бума киім болғаны анықталды. Жүргізушінің ешқандай да ілеспе құжаттары болмай шықты.

Профилактикалық қарау кезінде, онда ҚР мемлекеттік нөмірі болғанымен «күдікті» автомашина отырғышының арқалығына жасырылған РФ мемлекеттік нөмірі бар екі табақша табылды.

Қазір тексеру жүргізілуде және қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.