Ойынның алғашқы шайбасы екінші минутта соғылды. «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері қарсыластар қақпашысын қапы қалдырып, алға шықты. Алайда екінші кезеңде «Динамо» таразы басын теңестірді. Сосын барын салып, алға шығуға ұмтылды. Алайда «Қазцинк-Торпедоның» тасқамал қорғанысын бұза алмады. Үшінші кезеңде Өскемен қаласының хоккей клубы тағы бір шайба соғып, 2:1 есебін ойынның соңына дейін ұстай білді.
Айта кетейік, осы ойыннан кейін «Қазцинк-Торпедо» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, барлығы 46 ұпаймен жалпытурнирлік кестеде 2-ші орынға көтерілді.