Айта кеткен жөн, Жоғары хоккей лигасының биылғы чемпионаты барысында бұл екі команда әлі бірде-бір рет кездеспеген. Алайда екеуі де жалпытурнирлік кестеде бір-біріне бой бермей, бірінші орын үшін таласып келеді. Қазір «Кубань» 45 ұпаймен үшінші орында тұр. «Қазцинк-Торпедо» болса, барлығы 46 ұпай жинап, екінші орында орналасты. Ал бірінші орынды «Торос» бермей келеді.
Бүгінгі ойында Өскемен қаласының хоккей клубы жеңіске жетсе, ол бірден жалпытурнирлік кестенің көш басына шығады.