Өз алаңында ол Тольятти қаласының «Ладасын» қабылдайды.
Айта кеткен жөн, «Ладаның» хоккейшілері бұған дейін екі ойын өткізіп, оның екеуінде де ұтылған болатын. Олар «Ермакпен» арада болған матчта ғана овертаймға жетіп, соның арқасында бір ұпайды олжалап қайтқан. Қазір команда жалпы турнирлік кестеде 21-ші орында тұр. Ал Өскеменнің «Қазцинк-Торпедосы» соңғы екі ойында да жеңіске жетіп, бес ұпаймен 4-ші орынға орналасты. Соған қарағанда, бүгінгі ойын Өскемен хоккей клубының пайдасына шешіледі. Матч Астана уақыты бойынша кешкі сағат 18:30-да басталады.