ЖХЛ матчында «Снежные барсы» «Автоны» жеңді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЖХЛ чемпионатының матчы ауқымында Астанада «Снежные барсы» овертаймда екатеринбургтік «Автоны» 4:3 есебімен жеңді, деп хабарлады Sports.kz.

Алғашқы кезеңде «Автодан» Андрей Обидин мен Александр Алентьев қожайындар қақпасына бір-бір шайбадан салды. Екінші жиырмаминуттікте «Автодан» Роман Опалевтің шайбасына «Снежные барсы» командасынан Иван Кинстлер мен Әлихан Әсетов жауап қайтарды. Ойынның үшінші бөлігінде Әлихан Әсетов дубль жасап, ойынды овертаймға тіреді, онда Евгений Королинский Астанаға жеңіс әперді.

13 қаңтарда Астанада «Снежные барсы» екатеринбургтік «Автомен» қайта ойнайды.