Чемпионаттың басында «Сарыарқа» қатарынан бірнеше рет жеңіліп, лиганың ең төменгі сатысына түскен болатын. Алайда бертін келе, жалпы турнирлік кестенің соңғы 26-шы орнынан 13-ші сатыға дейін көтеріле алды. Бүгінде команданың еншісінде 26 ұпай бар. Оған қоса, жақында команданың бас бапкері ауысты. Евгений Зиновьевтің орнына словак Душан Грегор келді. Оның жетекшілігімен «Сарыарқа» соңғы ойында «Ермакты» 2:0 есебімен ұтты.
Айта кеткен жөн, өткен чемпионатта Д.Грегор «Сарыарқаның» бүгінгі қарсыласы - «Соколды» басқарған болатын. Биыл ол команданың жағдайы мәз емес. 17 матчтан кейін ол тек 21 ұпайға ғана қол жеткізіп, жалпы турнирлік кестеде 22-ші орынға орналасты.