Айта кетейік, соңғы мачта «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда ресейлік «Челмет» (Челябі) командасымен кездесіп, төртінші рет ұтылды. Оған дейін «Сарыарқа» хоккей клубы «Торосқа» (3:4 (Б), «Молот-Прикамье» (0:4) мен «Южный Уралға» (2:3) жол беріп қойған болатын. Қарағандылық клуб көш соңында келеді. Жалпы турнирлік кестеде ол 25-ші орынға (лигада 26 команда бар) сырғыды. Қарағандылық команданың ертеңгі қарсыласы - «Саров» хоккей клубы осы уақытқа дейін өткізген алты мачта үш рет жеңіске жетіп, 9 ұпай олжалаған. Одан жеңілген командалардың ішінде «Братина» кубогының иегері - «Торос» хоккей клубы да бар. Қазір «Саровтың» хоккейшілері - 11-ші орында.
09:28, 26 Қыркүйек 2013
ЖХЛ: «Сарыарқаның» ертеңгі қарсыласы - «Саров» хоккей клубы
АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 27 қыркүйек күні Жоғары хоккей лигасының жаңа маусымы аясында Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында ресейлік «Саров» хоккей клубын қабылдайды.