16:43, 19 Қыркүйек 2013
ЖХЛ: «Сарыарқаның» кезекті ойыны Орск қаласында өтеді
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Жоғары хоккей лигасының жаңа маусымы аясында Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда ресейлік «Южный Урал» (Орск) командасымен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін қарағандылық клуб үш ойын өткізіп, екеуінде жеңіліп қалған. Қазір «Сарыарқаның» еншісінде 3-ақ ұпай бар. Ол жалпы турнирлік кестеде 23-ші орында тұр. «Южный Уралдың» да жағдайы мәз емес. Бұл команда үш ойында бір-ақ рет жеңіске жетіп, «Сарыарқадан» бір саты жоғары - 22-орынға орналасты. Қарағанды қаласының хоккей клубы бүгінгі ойында жеңсе, бірден лиганың үздік ондығына кіруі әбден мүмкін.