Ханты-Мансийскіде өткен кездесу 4:2 есебімен қонақтар пайдасына шешілді. Жерлестеріміз сапынан Кирилл Балдин, Дмитрий Макеев пен дубль авторы атанған Максим Пушкарский мергендігімен көзге түсті. Енді қоржынында 58 ұпайы бар «Снежные Барсы» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 6-орынға жайғасты. Астаналықтар келесі матчтарын 28 қаңтарда өткізеді.
00:42, 27 Қаңтар 2016
ЖХЛ: «Снежные Барсы» қатарынан сегізінші рет жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастар хоккей лигасы чемпионаты аясында Астананың «Снежные Барсы» командасы Ханты-Мансийскінің «Мамонты Югры» командасынан басым түсті. Осылайша елордалық хоккейшілер осымен қатарынан 8-рет жеңіске жетіп отыр. Бұл туралы 24.kz арнасы vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.