ЖИ аудармашылар мен журналистерді жұмыссыз қалдыруы мүмкін — Парламенттік тыңдау

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жасанды интеллектіні дамытуға арналған парламенттік тыңдауда «Microsoft» корпорациясының осы сала туралы болжамына тоқталды. 

— Жасанды интеллект еңбек нарығына айтарлықтай әсер етеді. «McKinsey» компаниясының болжамы бойынша, 400 миллионнан астам адам жасанды интеллект салдарынан жұмыс орындарынан айырылуы мүмкін. «Microsoft» қазірдің өзінде жасанды интеллектіні алмастыратын мамандықтарды атады. Олардың арасында аудармашылар, журналистер, редакторлар, маркетологтар, PR-мамандар бар, — деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, ол ЖИ мемлекеттік қызметкерлердің бір бөлігін де алмастыруы мүмкін екенін айтты.

— Жақында Албания мемлекеттік сатып алу сияқты маңызды сала министрінің қызметін жасанды интеллектіге сеніп тапсырған алғашқы ел болды. Жасанды интеллект саяси партиялардың жұмысына да еніп келеді.

Жуырда ғана жапондық «Қайта өрлеу жолы» партиясы жасанды интеллектіні партия ішінде ресурстар бөлу кезінде пайдалану туралы шешім қабылдады.

Дегенмен, барлық процестердің драйвері әлі де адам екенін ұмытпауымыз керек, — деді Мәжіліс төрағасы.

Бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жаңа логотипін таныстырғанын жазған едік