АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Чехиядағы Оломоуц ITF W60 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен латвиялық Дарья Семенистая финалда чехиялықтар Магдалена Смекалова - Тереза Валентовамен бас жүлдені сарапқа салды.
Чехиялық жұп 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұдан бір апта бұрын Ж.Құламбаева Римде осындай жарыста жеңімпазы атанды. Бұл жолы финалмен шектелді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Швециядағы турнирдің финалына өткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Жібек Құламбаева Чехиядағы жарыстың финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).