АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Оломоуц (Чехия) ITF W60 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші латвиялық Дарья Семенистаямен бірге екі кездесуін сәтті өткізді.
Олар алдымен тартысты матчта румыниялық Карола-Патриция Беженару - франциялық Тифани Лемайтрені жолдан тайдырды - 6:4, 3:6, 14:12.
Бүгін ширек финалда чехиялықтар Анета Лабуткова - Ивана Себестовадан басым түсті - 6:4, 6:2.
Қазақстандық-латвиялық жұптың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Бұдан бір апта бұрын Ж. Құламбаева Римдегі осындай додада чемпион атанған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның эйстен әлемде көш бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Александр Недовесов Швециядағы жарыстың жартылай финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).