АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Чехияның Оломоуц қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен латвиялық Дарья Семенистая жартылай финалда чехиялықтар Дениса Дениса – Каролина Кубановамен шеберлік байқасты.
Бір сағат 18 минутқа созылған матчта қазақстандық-латвиялық жұп 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Ж.Құламбаева – Д.Семенистая финалда чехиялықтар Магдалена Смекалова – Тереза Валентовамен бас жүлдені сарапқа салады. Олар жартылай финалда доданың 1-ракеткалары, грекиялық Сапфо Сакеллариди – нидерландылық Лекси Стивенсті қапы қалдырды – 7:5, 6:2.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Швециядағы турнирдің финалына өткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).