АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Рим (Италия) ITF W60 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші беларусьтік Юлия Готовкомен бірге финалда жарыстың бірінші ракеткалары, колумбиялықтар Юлиана Лизаразо - Мария Паулинамен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-беларустьтік жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Ж.Құламбаева мен Ю.Готовко титулға қол жеткізді.
Тағы бір қазақстандық, 15 жасар, Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Зара Дәркен Палермо (Италия) WTA 250 жарысында алғашқы матчын өткізді. Зара іріктеу сайысында әлемнің 316-ракеткасы, нидерландылық Ева Веддерге 2:6, 1:6 есебімен жол берді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубевтің Аустриядағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ чехиялық теннисші Уимблдон турнирінің чемпионы атанды.
Фото - Қазақстан теннис федерациясынан
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).