АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 447-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы Ж.Құламбаева финалда дүниежүзілік рейтингте 771-сатыда тұрған грекиялық Элени Христофимен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық теннисші 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.
Сөйтіп, Жібек Құламбаева чемпиондық тұғырға көтерілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінде 16 жастағы теннисшімен ойнайтынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыстың финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).