АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 447-ракеткасы Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 1257-орында тұрған ұлыбританиялық Элеанор Баглоумен шеберлік байқасты.
Ж.Құламбаева үш сетке созылған тартысты бәсекеде 1:6, 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Жібек Құламбаева финалда әлемнің 551-ракеткасы, румыниялық Карола-Патриция Беженару немесе рейтингте 771-сатыдағы грекиялық Элени Христофидің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Сербиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Тимофей Скатов алғаш рет Ролан Гарростың негізгі турниріне жолдама алды.
Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінде 16 жастағы теннисшімен ойнайды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).