«Sri Lanka Colombo» турнирінде ол жеке разрядта тағы да жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясынан.
Кезекті рет финалдық бәсекеде отандасы Милана Лысовамен кездесті. Жібек одан үш сетте де (6:0, 4:6, 6:0) басым түсті.
Турнир барысында Жібек Құламбаева Германиядан келген Лара Шмидті 6:3, 6:1 есебімен жеңді. Ширек финалда үндістандық Анджелла Раманды жеңді: 6:4, 6:0. Ал жартылай финалда біздің спортшымыз Шри-Ланка теннисшісі Медхира Самарасингхені 6:1, 6:2 есебімен сүріндірді.
Басқа қазақстандық спортшы қыз Гозаль Айнитдинова Малайзиядағы ITF Junior G3 халықаралық турнирінің финалына дейін жетті. Ақтық сайыста ол франциялық Тессе Андрианжафитримоға (4:6, 3:6 ) есе жіберіп алды.