Жібек Құламбаева Штутгарттағы турнирдің финалына шыға алмады

ШТУТГАРТ. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Штутгарттағы (Германия) ITF турнирінің жұптық сайысында финалға шыға алмады. Ол мексикалық Виктория Родригеспен бірге ойнаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: olympic.kz

Жартылай финалда Құламбаева мен Родригес чехиялық Дениса Гиндова мен Каролина Кубановамен кездесіп, үш сетте ұтылды - 6:3, 6:7 (6:8), 7:10.

Осылайша, Жібек Құламбаева Штутгарттағы турнирді осы жерден аяқтады. Турнирдің жүлде қоры – 25 000 доллаh.

Еске салайық, Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 435-орын) Штутгарттағы турнирде жекелей сында да өнер көрсетіп, бірінші айналымда швейцариялық теннисші Надин Келлерден (423-орын) ұтылды - 4:6, 4:6.