Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Скопье (Солтүстік Македония) ITF W40 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева литвалық Юстина Микульскитемен бірге финалда жапониялықтар Рина Сайго – Юкина Сайгомен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-литвалық жұп қарсыластарын 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жеңіс тұғырына көтерілді.
Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында қатарынан үшінші рет ITF жарысының жеңімпазы атанып отыр. Бұған дейін ол Рим мен Прагада үздік шыққан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Жапониядағы жарыстың финалында есе жібергенін жазған болатынбыз.
Дэвис кубогінде Болгариямен матчта Тимофей Скатов Қазақстанды алға шығарды.
Болгариямен матчта Александр Бублик есепті 2:0-ге жеткізді.
Аружан Сағындықова Тунистегі жарыстың финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).