Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Скопье (Солтүстік Македония) ITF W40 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соңғы кезде жұптық сында сәтті өнер көрсетіп жүрген қазақстандық теннисші литвалық Юстина Микульскитемен бірге аталмыш жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген.
Турнир барысында қазақстандық-литвалық жұп үш кездесуін жеңіспен тәмамдады. Жартылай финалда олар грекиялықтар Элени Христофи — Димитра Павлоудың меселін қайырды – 6:1, 6:2.
Ж.Құламбаева мен Ю.Микульскитенің финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Қазақстандық спортшы бұған дейін Рим мен Прагада жұптық сында үздік шыққан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукиннің Дэвис кубогінде күтпеген нәтиже болуы мүмкін екендігін айтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Юлия Путинцева жұптық сында Осака турнирінің финалына шықты.
Қазақстан – Болгария матчының жеребесі тартылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).