Жарыс лидері, француздық раллиге қатысушы Стефан Петрансель апатқа ұшыраған.
«Алдыңғы доңғалағы шұңқырға сәтсіз түсіп кетіп, Петрансельдің Peugeot алты рет аударылды. Абырой болғанда, Стефан мен оның штурманы Жан-Поль Коттрет жапа шекпеді, олар жарысты жалғастыруы мүмкін», - деп хабарлады команданың баспасөз қызметінен.
Қазақстандық экипаждар жарысты жалғастырып жатыр. MobilEx Racing Team командасының №120 экипажы Юрий Сазонов пен Виталий Евтехов Т1 санатында сегізінші болып мәреге жетті.
Жалғыз француз жүргізушісі ғана емес, сонымен қатар №137 экипаж - Ерден Шәгіров пен Виталий Евтеховтың Hummer H3 Evo VIII артқы доңғалағының күпшегі алынып қалды. Олар жарысты жалғастыра алмады.