12 шілде күні ралли Павлодарда «Екібастұз - Баянауыл ауданы - Май ауданы» маршруты бойынша өтеді. Бұл туралы Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.
Жарыс бағыты топырақты, далалы жерлермен өтеді. Ереже бойынша маршрут ауылдық жерлерді айналып өтеді, дегенмен, кей учаскелерде ралли асфальт жолдарды кесіп өтіп, елді мекендерге жақын болады.
Халықаралық жарысқа әлемнің үздік автошабандоздары қатысады: 40 елден 150 жеңіл және жүк көлігі (жарысқа арналған 80 джип, жарысқа арналған 30 жүк көлігі, 30 «Баспасөз» халықаралық көлігі). Ралли қауіпсіздігін 6 тікұшақ бақылайды.
Ертістен басқа, автораллидің қазақстандық кезеңі Ақмола, Қарағанды облыстарында да өтеді.