Осы жылдың 25 қаңтарында тіркелген оқиға бойынша «Жібек жолы» кеден бекетінде департамент қызметкерлері ҚР ҰҚҚ өкілдерімен бірлесе тексеру барысында 1977 жылы туған Өзбекстан азаматын ұстады.
Иісшіл иттердің көмегімен оның шұлығының ішінен айырықша иісі бар өсімдік күдікті зат ретінде табылды.
Ал 8 ақпан күні дәл осы кеден бекетінде Өзбекстанға өту бағытындағы жолаушылар терминалында тексеру кезінде қызметтік иттің көмегімен 1960 жылы туған көрші елдің азаматы ұсталды.
Оның сырт киімінің қалтасынан полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті иісі бар зат табылған.
Сондай ақ 11 ақпан күні «Жібек жолы» кеден бекетінде тағы осындай жағдай болған.
Департамент пен ҚР ҰҚК қызметкерлерімен бірлесе жүргізген тексеру нәтижесінде 1981 жылы туған Маңғыстау облысының тұрғынынан қағазға скотчпен оралған күдікті зат табылды.
Осы күні тағы да есірткі тасымалдаушыға қатысты оқиға тіркелді.
Тәжікстан Республикасының азаматы іш киіміне жасырылған есірткі затын шекарадан алып өтпек болған жерінен ұсталды.
Полиэтилен пакеттің ішінде ақ қағазға оралған жасыл түсті иісті зат болған.
Осы төрт факті бойынша жүргізілген сот сараптама нәтижесінде бұл заттардың бәрі кептірілген марихуана, гашиш секілді есірткі заттар екені анықталды.
Қазіргі таңда жоғарыда аталған оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалды.