«Жібек Жолы – диалог жолы» халықаралық экспедициясы жолға шықты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда «Жібек Жолы – диалог жолы» атты халықаралық экспедицияға қатысушылар жолға шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Экспедицияны ҚР Мәдениетжәне спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің тапсырысымен «KazakhTourism» ҰК» АҚ ұйымдастыруда.

Экспедицияныңбасталуына орай бүгін Visit Almaty туристік ақпараттық орталығының баспасөзорталығында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ маркетинг, цифрландыру және байланысбөлімінің менеджері Д. Тегенбаев, экспедиция жетекшісі Ә. Ахмеджанов,жолнұсқаушы Б. Ізмағамбетов және «QazaqGeography» РҚБ баспасөз қызметініңқызметкері А. Жұматаева баспасөз мәслихатын өткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның негізгімақсаты — экспедиция кезінде туристік нысандарды тізбектеу, инфрақұрылымдыжақсарту бойынша ұсыныстар енгізу және жаңа трансшекаралық бағыттарды құруарқылы ішкі және сыртқы туризмнің әлеуетін дамыту. Шетелдік қонақтар Қазақстан,Өзбекстан және Қырғызстан тарихымен танысуға және осы аумақта өмір сүргенбайырғы халықтар мәдениетін тамашалауға қызығушылық танытады.

Аталмыш экспедиция ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында Қазақстанның мәдени-географиялық объектілерінің туристікәлеуетін пайдалану міндетін толық жүзеге асырылуына едәуір үлес қосатындығынатап өткен жөн.

Баспасөз конференциясынан кейін кәсіпқойлар тобыҚазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бағытынан тұратын он үш күндікэкспедицияға аттанды. Экспедиция құрамында білікті журналисттер, фотографтар,телеарналардың түсірілім тобы, туристік блогерлер мен туроператорлар бар.Сапардың нәтижесі бойынша еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристікбағыттар, сапалы фото-және видеобанктер құрылады. Болашақта бұл ақпараткөршілес Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің және отандық туркомпанияларғаберілетін болады.

Экспедиция құрамы келесі бағыт бойынша жүріп өтпек:Алматы қаласы– ҮАК – Есік аңғары – Шарын шатқалы – Көлсай – Қаракөл – Каджи-Сай – Токмок –Суусамыр – Талас – Тараз – Ақмешіт үңгірі – Сауран – Түркістан – Арыстан-баб –Отырар – Шымкент – Ташкент – Самарқан – Қазығұрт – Мерке – Таңбалы – Алматы қаласы.

Қатысушылардың ерекше саяхаты Алматы облысыныңкөрнекі жерлерінен басталады: Үлкен Алматы көлі (БАО), «Медеу», «Шымбұлақ»,Шарын шатқалдары. Одан әрі «Тянь-Шаньның көк маржаны» аталып кеткен Көлсайкөлдеріне қарай жол тартады. Үшінші күні Қырғызстан шекарасынан асужоспарланған. Үш күн бойы қатысушылар Ыстықкөлдің әкімшілік орталығын жәнеҚаракөл қаласын, Жеті-Оғыз шатқалын, Теріскей Ала-Тоо жотасының солтүстікбаурайында орналасқан Барскоон шатқалын аралайды.

Әрі қарай қатысушылар Ұлы Жібек жолының орталығындаорналасқан Азия мен Еуропа арасындағы сауда жолдарын біріктірген Ежелгі Таразғатабан тірейді. Мұнда олар көптеген тарихи ескерткіштермен танысады: Қараханкесенесі, ежелгі сәулеттің нағыз жауһарлары — Бабажи-хатун мен Айша бибікесенелері, Ақыртас және ежелгі Тараз археологиялық кешені, т.б. Сондай-ақ,ашық аспан астындағы археологиялық ескерткіш, ЮНЕСКО-ның қорғауындағы Отырарқалашығына барады. Одан әрі қатысушылар көршілес Өзбекстанның ерекше жерлерінаралап өтпекші. Жоспар бойынша, жоба 1-қыркүйекте Алматы қаласында аяқталады.

Соңғы жаңалықтар