Жібек жолы елдерінің кеденшілері Ақтау декларациясын қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында Жібек жолы елдерінің арасындағы саудаға жәрдемдесу және жеңілдетудің Кедендік әкімшіліктердің 7-ші Халықаралық Форумы өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жиынның қортындысында қатысушылар Ақтау декларациясын қабылдады. Онда тасымалдауларды тездету мен олардың тартымдылығын арттыру мақсатында көліктік дәліздердің жұмыс ырғағын көтеру; «Керуен-Сарай жобасы», «Бір Белбеу Бір Жол» және басқа да маңызды бағдарламаларды келісу мен жүзеге асыру арқылы Жібек жолы елдерінің арасындағы ынтымақтастықты жандандыру; саудадағы процедураларды оңтайландырудың түрлі механизмдерін қолдану; шекараны асу процедураларын одан әрі жаңғырту, бар инфроқұрылымды жетілдіру, сондай-ақ кедендік тексерістердің жоғары технологияларын енгізу белгіленген.  

Отырысты аяқтай отыра, Ғұсман Әмірин кедендік әкімшілендіруді оңтайландырудағы жағымды тенденцияны атап өтті және қатысушыларға бұл бағыттағы тығыз ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.