«Жібек жолы» телеарнасының эфирінен президенттікке кандидаттарға уақыт беру шарттары

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға «Jibek Joly» теле арнасында эфир уақытын берудің жалпы шарттарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республика Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ (бұдан әрі-Қоғам) – «Jibek Joly» телеарнасының (бұдан әрі-Телеарна) меншік иесі 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі-Үгіт материалдары) орналастыру үшін телеарнада эфир уақытын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.

Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша, үгіт материалдарын телеарна эфирінде орналастыру 2022 жылғы 21 қазан сағат 18.00-ден 2022 жылғы 19 қараша сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Телеарна Қоғам мен Президенттікке кандидат (бұдан әрі – Кандидат) арасында немесе кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын жазбаша шарт негізінде ұсынады. Эфир уақыты қолжетімді техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып беріледі.

Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің Қоғам басшысының атына жазбаша өтініші эфир уақытын беру туралы шарт жасасу үшін негіз болып табылады. Үгіт материалдарының саны, хронометражы, эфирде орналастырудың болжамды күні мен уақыты кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шарттың талаптарымен бекітіледі.

Өтініш кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Телеарна эфирінде кандидаттардың материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен, не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребені өткізу тәртібі мен шарттарын Қоғам айқындайды.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтке бұрын жүгінген басқа Кандидатқа сұралған уақыт берілсе, не техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілмесе, Қоғам Кандидатқа телеарнаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Үгіт материалдарын орналастыру үшін өзге де уақытты ұсынады.

Үгіт материалдары келесі талаптарға сай болуы керек: MPEG-2 кодегі, Chroma 422, 50 Мбит/сек битрэйт, секундына 25 кадр, сыйымдылығы 1920 * 1080, interlaced-тің айқарма түрі, жолақты құру тәртібі-жоғарғы жолақ бірінші (topfieldfirst), кадр арақатынасы 16: 9; Аудио: PCM, WAV, 24 бит, 48 kHz пішімі, -12 ДБ деңгейі, материалдың соңғы нұсқасындағы дыбыс 1-ші стерео арнаның сол жақ жолына жиналуы керек, бірдей оң жолды (жалған стерео) пайдалануға рұқсат етіледі. Бейне және Аудио MXF ОР-1A контейнерінде болуы керек. Бейнематериалдар сыртқы медиада (қатты диск, флэш-карта) ұсынылады.

Бейнетаспамен бір мезгілде эфир уақытын беру туралы шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген тұлға қол қойған Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің толық жазылуы, бейнелері Үгіт материалдарында пайдаланылған адамдардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда мұрагерлердің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың бейнелері пайдаланылғанда ата-аналарының қамқоршылардың, демеушілердің жазбаша рұқсаттары ұсынылады.

Үгіт материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе көрнекі ақпарат болуға тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген талаптар мен тәртіп, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда Үгіт материалдарының эфиріне хабарлама жүргізілмейді не бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Қоғам егер конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары болса Үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартады.

Қоғам Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда Үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфир уақыты мен интернет алаңдарын беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

1. Кандидаттардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің үгіт материалдарын «Jibek Joly» телеарнасының эфирінде орналастыру

Қызметтер атауы

Сипаттама

ҚҚС есепке алғандағы құны, теңге

Сюжет хронометражынан асып кеткен жағдайда әрбір 10 секунд үшін құны

1

«JIBEK JOLY» телеарнасының эфирінде жаңалықтар сюжетін шығару және орналастыру

Хронометражы 3 минут

(1,5 минуты казақ тілінде және 1,5 минуты орыс тілінде )

600 000

34 000

Қызмет атауы

Хронометраж

(секундтық тарифтеумен)

Ш ығу уақыты

ҚҚС-пен 1 минут құны

1

Ү гіт материалын орналастыру

1 минут

00:00-24:00

90000

Жазбаша өтініштерді Телеарна меншік иесі 2022 жылғы 18 қазаннан бастап 2022 жылғы 15 қарашаны қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Астана қаласы, Ақмешіт көшесі 3, PARKLINE БО, 2 қабат, 208 кеңсе мекенжайы бойынша сағат 10:00 минуттан сағат 18:00 минутқа дейін қабылдайды, телефондары 8 (7172) 95 40 59.

Факсимильді және интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.