«Бүгінде «Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясында Грузияны да транзиттік мемлекетке айналдыруға мол мүмкіндік бар. Жібек жолы жобасы аясында ол да Қазақстан сияқты өзінің жүк айналымын арттыра алады. Қазақстан мен Грузия арқылы Қара теңізге, одан ары қарай Еуропаға жетуге болады. Осы бағыт аса маңызды. Сосын мұнай мен газ тасымалдау саласында Грузия арқылы өтетін құбырлардың орны бөлек. Осы орайда біз Батуми теңіз порты мен терминалын пайдалану жайын талқыладық. Бүгінде ол жерде қазақстандық компаниялар жұмыс істеуде. Біз осы саладағы проблемаларды шешуге уағдаластық. Егер екі елдің министрліктері тариф мәселесін реттей алса, онда осы бағыт Қытай үшін де, Қазақстан үшін де тиімді болады. Соның арқасында ортақ транзиттік әлеуетті көтеруге болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев бірлескен мәлімдемеге арналған баспасөз мәслиxатында.
Мемлекет басшысының айтуынша, шағын және кеңейтілген құрамда өткен кездесулер кезінде xалықаралық маңызы бар басқа да мәселелер талқыланды.
Өз кезегінде Грузия басшысы Георгий Маргвелашвили алғысын білдіріп, екі елді экономикалық жағынан ғана емес, мәдени жағынан да барынша жақындастыру қажеттігін жеткізді.
«Жалпы, бүгінгі сапар Қазақстан мен Грузия арасындағы байланыстарды жаңа деңгейге көтереді деген сенім бар. Мен де Нұрсұлтан Әбішұлын Грузияға шақырдым. Ол сапар да екі елдің экономикаларын жақындастырып, туризм мен мәдениетін дамыта түседі», - деп атап көрсетті Маргвелашвили.
14:17, 13 Маусым 2017
Жібек жолын Батуми арқылы дамытуға болады - Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Грузия басшысы Георгий Маргвелашвили Ақордада өткен кездесудің нәтижесі бойынша бірлескен мәлімдеме жасады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.