ҚР Ұлттық мұрағаты жинақтың тұсаукесерін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орайластырып отыр.
Мұрағаттық құжаттар мен материалдар жинағы оқырмандарды «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» Мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы мен тәжірибелік жүзеге асырылу үрдісімен таныстырады.
Жинақта ҚР Ұлттық мұрағатының мемлекеттік сақтауына қабылданған № 45 «Жібек жолы-Қазақстан» Ұлттық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» қорының және басқа қорлардың құжаттары пайдаланылды.
Жинақ туған өлке тарихына, халқымыздың мәдени және тарихи мұрасына қызыға қарайтын оқырман қауымына қызығушылық тудырады деген сенім мол.