«Жігіттер» продюсерлік орталығы алғашқы гастролдік сапарын Алматыда түйіндейді - Ерғали Әбдірайымов

АЛМАТЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Астанадағы Конгресс-Холда «Жігіттер» продюсерлік орталығының концерті өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің гастролдік сапарымыз 2009 жылдың көктемінде Шымкент пен Тараз қалаларында басталған болатын. Бір жылдың ішінде бүкіл Қазақсанды аралап шықтық. Бұған дейін Маңғыстау өңірінде болып мамырдың 17-сінде Өзенде, 18-19 күндері Ақтауда өнер көрсеттік. Енді бүгін Астанада, ертең Қарағандыда концерт қойып, гастролдік сапардың ақырғы нүктесін мамырдың 23-і күні Алматыдағы Республика сарайында қоймақпыз», дейді «Жігіттер» продюсерлік орталығының жетекшісі Ерғали Әбдірайымов. Оның айтуынша, бұл шараның басты мақсаты жұртшылықты орталықтың жұмысымен таныстыру. Оған «Жігіттер», «Жалын» топтары және Асқар Жүнісбеков пен Болатбек Досымбаев қатыспақ.

«Бұл концерттің басты ерекшелігі, онда орындалатын шығармалардың бәрі фонограммасыз орындалады. Көпшілгі жаңа әндер. Онда сондай-ақ, «Жігіттер» тобының әншілері музыкалық аспаптармен сахнаға шығатын болады. Олар бұған дейін бірде-бір рет аспаптармен жеке ән салмаған болатын», дейді Ерғали Әбдірайымов.