Нұра ауылы Алматы қаласынан 42 шақырым жерде орналасқан елді мекен.
Жигули Дайрабаев Нұра елді мекенінің тұрмыс-тіршілігімен танысты. Ауылға дейінгі жол сапасын көзімен көрді. Олардың ел өміріне қатысты пікірлерін тыңдады.
Кездесуде кандидат өз бағдарламасын таныстырды.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.