«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жигули Дайрабаев Анар станциясында орналасқан макарон өнімдері және ұн өндірумен, сондай-ақ оны ұнтақтаумен айналысатын «Аян» ЖШС қызметімен танысып, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын ұсынды.
Содан кейін ел президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев Анар ауылының тұрғындарымен кездесті, оған 70-ке жуық адам, оның ішінде азаматтық қоғам өкілдері қатысты.