«Ансар бейт әл-Мадкиз» тобы Мысырдың әскерилеріне жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойындарына алды. Сонымен бірге, соңғы шабуылға да өздерінің қатысы бар екенін рстап отыр.
Мысыр әскерінің өкілдері Синай түбегіндегі ұшу аппаратының апатқа ұшырағанын растап, бес сарбаз қаза болғанын «қайғылы оқиға» деп атап өтті.
2013 жылдың шілдесінде Президент Мұхаммед Мурси биліктен шеттетілгенінен бері Мысырда бірнеше лаңкестік әрекет орын алып, нәтижесінде бірнеше әскерилер мен полицейлер қаза тапты.