Д. Петрухин аталмыш байкпен әлемнің 80 еліне саяхат жасаған.
Сонымен қатар әйгілі қазақстандық байкер мұражай қызметкерлеріне Елбасы Н.Назарбаев пен 2011 жылғы Азиада ойындарына қатысқан мемлекеттердің спорт министрлерінің қолтаңбалары қойылған Азия Олимпиадалық кеңесінің туын, «жиһанкездік картасы» мен фотосуреттер кешенін табыс етті.
2004-2011 жылдары Қазақстанның Ерікті елшісі өзінің «темір тұлпарымен» әлемнің 80 елін аралап, мемлекеттік байрақпен бірге 200 мың шақырым жолды жүріп өтті. Бұл - жер шарының мото тарихындағы теңдесі жоқ оқиға атанып, әлемнің Гиннестер кітабына енді.
Петрухиннің «темір тұлпары» енді Александр Винокуровтың атақты «алтын» велосипедімен бірге Қазақстанның спорт жетістіктеріне арналған залда бір қатарда тұратын болды.