«Тексеру нәтижесінде қолданыстағы заңнаманы бұзудың 132 фактісі анықтады. 133 іс қозғалып, сотқа жіберілді. 111 субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекетке айыппұл түрінде 9 млн теңгеден астам кіріс алынды. Азаматтық айналымнан жалпы сомасы 47 млн теңге болатын 250 мыңнан астам дана контрафакті өнімі алынды», - деді ол.
Оның дерегінше, әділет органдары тарапынан «TOYOTA», «Kit Kat» және «Nesquik», «Procter&Gamble», «Henkel AG & Co. KgaA», «Apple», «ZEPTER», «Levi ' s», «LEGO», «PUMA», «TOYOTA/LEXUS», «Almacom», «Hugo Boss» сынды компаниялардың құқықтары қорғалды.
Вице-министрдің дерегінше, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды ішкі істер, экономикалық тергеу және мемлекеттік кірістер органдары да жүргізеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қаржы мониторингі агенттігі Қылмыстық кодекстің 222 және 198-батары бойынша зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына байланысты құқық иелеріне 35,7 млн теңгені құрайтын залал келтірілген 2 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.
Мемлекеттік кіріс органдары жалпы құны 18,6 млн АҚШ доллары болатын зияткерлік меншік құқықтарын бұзу белгілері бар тауарларға 339 декларация бойынша тауарлар шығаруды тоқтатты.