Осы аралықта жолаушыларға 430 мыңнан астам бос орын ұсынылған.
Қызмет билетті сатылымда болмаған кезде сатып алу үшін кезекке тұруға мүмкіндік береді, жөнелтілгенге дейін 7 күн бұрын 1 сағат бұрын қол жетімді.
Қызметті пайдалану үшін сайтта тіркеліп, «күту парағы» опциясын таңдап, өтінімді маршрут және құжат деректерімен толтыру қажет.
Бос орын туралы хабарлама жеке кабинетке және СМС арқылы келеді.
Егер кассир 30 секунд ішінде 5 бірдей сұрау салса, билет сату жүйесі бұғатталады. Үш бірдей сұраудан кейін бағдарлама кассирді 5 минутқа бұғатталатыны жайлы ескертеді. Осылайша, бос орындарды «ұстап алуға» мүмкіндік болмайды, - деп ескертті компания.
Қызметті «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассасында да ресімдеуге болады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚТЖ желісінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған купесі бар 95 вагон қатынайды.
Сонымен қатар, ҚТЖ Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдай бастайтыны хабарланды.