Жыл басынан бері 23,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Фото: Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек инспекторлары жыл басынан бері 23,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Kazinform Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

2023 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 961 кәсіпорны 25 мың жұмыскерге 6,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. 

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 261 нұсқама беріліп, 174,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 23,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,6 млрд теңге төленді.