Жыл басынан бері 670 мыңға жуық қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барған
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Жыл басынан бері Өзбекстанға 3,5 млн шетелдік турист келді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезіңімен салыстырғанда 13,3%-ға көп, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform
Өзбекстанның Статистика агенттігінен мәлім еткендей, бұл елге саяхаттап келген шетелдіктердің көбі - Қырғызстан азаматтары (1 млн 57 мың адам). Одан кейінгі орында 1 млн 46 мың туристпен Тәжікстан тұр.
Үштікті Қазақстан түйіндейді. Биыл қаңтар-маусым аралығында Өзбекстанда 668,4 мың қазақстандық демалысын өткізген.
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform
Қоса кетсек, үстіміздегі жылдың соңына дейін Өзбекстан 2,2 млн қазақстандық туристі қабылдауға ниетті.
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.